Желіде Өскемендегі әскери бөлімде орнатылған Халық қаһарманы Қасым Қайсеновтің ескерткіші қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Бұл туралы журналист Мерей Қайнарұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
– Өскемендегі 27943 әскери бөлімде (Жаңа Ахмерде) Халық қаһарманы Қасым Қайсеновтің ескерткішіне гүл шоқтары қойылды, – деп жазды ол Facebook-те.
Бұл жазбаның астында көпшілік ескерткіштің сәтсіз шыққанын жазып жатыр:
Ulysmedia тілшісі бұл ескерткіш жайлы Қорғаныс министрлігі мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен түсінік сұрады.