×
515.03
584.82
6.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
515.03
584.82
6.24

Велосипедшіні қауіпті қылмыскердей ұстап әкеткен: Астанада полицияның әрекеті жұрттың ашуын туғызды

Бүгін, 08:05
Велосипедшіні қауіпті қылмыскердей ұстап әкеткен: Астанада полицияның әрекеті жұрттың ашуын туғызды
Скриншот

Астанада полиция қызметкерлері велосипедшінің қолын қайырып, қауіпті қылмыскердей ұстап әкеткен. Желіге тараған видео көпшіліктің ашуын туғызды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Астанадағы полиция қызметкерлерінің әрекеттеріне байланысты жұртшылық арасында үлкен пікірталас тудырған кадрлар мәжіліс депутаты Мұрат Әбеновтің Instagram парақшасында жарияланды. Депутат құқық қорғау органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне наразылық білдірді.

Әбенов қарапайым азаматқа қатысты мұндай ұстау әдістерін қолдану мүлде орынсыз екенін атап өтті. Ол таңғы жаттығуын жасап жүрген адамның ұсталғанына алаңдаушылық білдірді:

«Полицияның қарапайым велосипедшінің қолын қайырып, қылмыскер секілді ұстап әкеткені — тым шектен шыққан әрекет. Ескерту жасаңдар, айыппұл салыңдар, заңды сауатты түрде түсіндіріңдер, қажет болса өз еркімен бөлімшеге алып барыңдар. Ал жай ғана таңертеңгі жаттығуға шыққан жігітті жол ережесін бұзды деп күшпен көндіру — полицияның кәсіби деңгейінің төмендігін көрсетеді», — деді депутат.

Бейнежазба әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, қоғамда үлкен резонанс туғызды.

Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында Ulysmedia тілшісі Астана қалалық полиция департаментіне ресми сұрау жолдады.

Серіктес жаңалықтары