КХДР Ресей мен Украина арасындағы соғысқа өз әскерилерінің қатысып жатқанын бірінші рет растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
КХДР билігі алғаш рет өз әскери қызметкерлерін Ресейге Украинамен соғысқа қатысу үшін жібергенін растады, деп хабарлайды Yonhap агенттігі Кореяның Орталық телеграф агенттігіне (KCNA) сілтеме жасап.
KCNA мәліметінше, әскер “КХДР көшбасшысы Ким Чен Ынның бұйрығы бойынша” екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестік туралы келісім аясында жіберілген.
Украина билігінің Ресейге жасалған авантюралық басқыншылығын тойтару мақсатында Курск облысын азат ету операциялары жеңіспен аяқталды, — делінген KCNA хабарламасында.
Сонымен қатар, хабарламада КХДР қарулы күштерінің бөлімшелері операцияларға “мемлекет басшысы Ким Чен Ынның бұйрығы бойынша” қатысқаны атап өтіледі.
Сенбі күні Ресей бас штабының бастығы Валерий Герасимов Курск облысындағы жағдай жөнінде Владимир Путинге баяндама жасап, “солтүстіккореялық әскери қызметшілер өңірді азат ету кезінде айтарлықтай көмек көрсетті” деп мәлімдеді. Герасимовтың мәлімдемесі — КХДР әскерлерінің Ресейге жіберілгені туралы алғашқы ресми растау болды.