×
515.03
584.82
6.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
515.03
584.82
6.24

Мұғалімдерге ҰҚК, Антикор не үшін хабарласып жүр? Министрлік жауабы

Мұғалімдерге ҰҚК, Антикор не үшін хабарласып жүр? Министрлік жауабы
ЖИ / ulysmedia.kz

Қазақстанда мұғалімдерге белгісіз нөмірлерден қоңырау шалып, түрлі хабарламалар жолдап жатқаны туралы шағым көбейді. Хабарласқандар өздерін ұлттық қауіпсіздік комитеті мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкіліміз деп таныстырып, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім мекемелеріне жаппай тексеру жүргізу туралы бұйрық бергенін айтады. Алайда бұл – алаяқтардың ойлап тапқан айласы, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Stopfake.kz мәліметінше, оқу-ағарту министрлігі бұл жағдайға байланысты ресми мәлімдеме жасап, мұндай хабарламалар шындыққа жанаспайтынын ескертті. Министрлік педагогтерге алаңдамауға кеңес беріп, тек ресми дереккөздерге сенуді сұрайды.

Министрлік мәліметінше, елімізде білім беру ұйымдарын тексеру нақты заң аясында ғана жүзеге асырылады. Бұл тексерулер Кәсіпкерлік кодекстің талаптарына сай жүргізіледі және мұғалімдердің өздерін емес, тек мекемелерді қамтиды. Мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың негізгі түрлері төмендегідей:

Біліктілік талаптарына сәйкестікті тексеру: Лицензия талаптарына сай, жылына бір рет өтеді;

Барып жасалатын профилактикалық тексеру: Тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес, жарты жылда бір рет автоматты түрде белгіленеді;

Бармай жасалатын тексеру (мемлекеттік аттестаттау): Әр бес жылда бір рет өткізіледі;

Жоспардан тыс тексеру: Тек азаматтардың шағымы немесе құқық қорғау органдарының тапсырмасымен ғана жүзеге асады.

ТЕК РЕСМИ АҚПАРАТҚА СЕНУ КЕРЕК

Министрлік педагогтерден абай болуды және расталмаған ақпаратқа сенбеуді сұрайды. Тек ресми арналардан алынған мәліметке ғана сенген жөн.

Серіктес жаңалықтары