×
488.37
559.77
6.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.37
559.77
6.64

Таразда жеңіл көлік автобус пен жүк пойызы вагонының арасында қысылып қалды

04.05.2025, 15:06
Таразда жеңіл көлік автобус пен жүк пойызы вагонының арасында қысылып қалды
Видеодан алынған кадр

Таразда жантүршігерлік жол апаты болды: көлік автобус пен жүк пойызы вагонының арасында қысылып қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Жол апаты бүгін, 4 мамырда сағат 11:25-те Бурыл станциясының жеке кірме жолының жеке өткелінде (Тараз-Жаңатас учаскесі) болған.

– "Мерседес" жеңіл автокөлігінің жүргізушісі теміржол өткелінен өту ережелерін бұзып, жүк құрамының вагондарымен соқтығысты, – деп хабарлады ҚТЖ.

Құрбан болғандар жоқ.

ҚТЖ автомобиль жүргізушілеріне жол қозғалысы ережелерін сақтауды ескертті.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде ер адам ұрлаған көлігімен жантүршігерлік жол апатына түскенін хабарлаған едік.