×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

АҚШ-та адамға шошқаның жүрегі салынды

11.01.2022, 18:51
Фото: ашық дереккөз

АҚШ-тағы Мэриленд университетінің медициналық орталығында науқастың жүрегіне ерекше ота жасалды. 57 жастағы Дэвид Беннетке шошқаның жүрегі салынды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Бұл туралы Инстаграм парақшаларының бірінде жарияланды.

«Генетикалық түрлендірілген жануардың жүрегімен ауыстыру отасы 57 жастағы Дэвид Беннетттің өмірін сақтап қалды. Ер адам жазылмайтын жүрек ауруына шалдыққан. Дәрігерлер ота жасалған соң 3 күн өткеннен кейін оптимистік болжамдар жасады», - делінген хабарламада.

Басқа медициналық мекемелер оның жүрегіне ота жасаудан бас тартқандықтан ол осындай тәуекелге барған.

«Өмір сүргім келеді. Бұл өте қауіпті қадам екенін білемін, бірақ бұл менің соңғы мүмкіндігім болды», – деді науқас.

Серіктес жаңалықтары