Композитор Еркеш Шәкеев өзі ұйымдастырмақ болған саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған концерті болмайтынын хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.
Композитор биыл 31 мамырда Алматы театрында концерт өткізбек болған.
Сіздерге зор өкінішпен келесіні хабарлаймын: саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған концерт болмайды! Қазір тек үш себепті атап өте аламын, бірақ олардың өзі-ақ жағдайдың астарын түсінуге жеткілікті деген ойдамын, – дейді ол.
Шәкеев айтып отырған үш себеп мыналар:
Барлық ресми бас тартулардың себептер тізіміне қол жеткізген соң қосымша жариялаймын деген ниеттемін. Осы кеште өткін тарихымызға құрмет білдіруді жоспарлаған барша көрермен қауымнан тағы да кешірім сұраймын! – деп жазды ол.
31 МАМЫР
Қазақстанда саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алу күні жыл сайын 31 мамырда өткізіледі. Бұл күн 1997 жылы бекітілген.
31 мамыр – ХХ ғасырдың 20–50-жылдарындағы жаппай саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған күн. Бұл тарихи кезеңде Қазақстанда 100 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырап, олардың 25 мыңнан астамы атылды . Сондай-ақ, 1931–1933 жылдардағы ашаршылық кезінде 1,5 миллионнан астам адам (кейбір есептерде одан да көп сан айтылады) қаза тапқан.
Репрессияға ұшырағандардың қатарында Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Райымжан Мәрсеков, Нығмет Нұрмақов, Темірбек Жүргенов сияқты ірі тұлғалар болды.