Атыраулық оқушы жаттықтырушысымен бәстесіп, жеңіліп, залда «Балқадиша әнін» орындап, TikTok жұлдызына айналды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Видеода жасөспірім жаттығу кезінде достарына ән шырқап тұрғаны көрінеді. Қазақстандықтар оның таза даусына, вокалдық шеберлігіне тәнті болып, жағымды пікірлер жазып жатыр.
Жас спортшы жаттықтырушысымен бәстесемін деп ұтылып, ән айтуы керек болған.
Оқушының есімі — Бекболат Иса, ол Атырау қаласынан. Видео TikTok желісінде таралып, көпшіліктің ықыласына бөленді.
Пікір жазған қазақстандықтар Бекболатқа ақжарма тілек айтып, қолдау білдіруде.
- Олимпиада чемпионы болып, ән ұрынымызды өзін айтатын дережеге жет бауырым.
- Біраз әнші ұйықтады-ау, тіл-көзден сақтасын, денің сау болсын.
- Қандай анық тап таза әуен! Жолын ашық болсын балапан!!!
- Біз қазақтар әлемді технология мен таңғалдыра алмаймыз өйткені технология дамып кеткен біз қуып жете алмаймыз.Бірақ өнер мен сауаттылық пен,қол өнер, салт дәстүр қонақ жайлылық пен тәнті ете аламыз, дейді желі қолданушылары.
«Балқадиша» — қазақтың ұлы күйші-композиторы Ақан сері Қорамсаұлының мәңгі мұрасы. Бұл шығарма қазақ қызының сұлулығы мен нәзік сезімдерін жырлаған құнды туынды ретінде танымал.