×
509.51
570.6
6.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
509.51
570.6
6.3

"Путиннің досының" ұлы Ақтауға көз тікті

"Путиннің досының" ұлы Ақтауға көз тікті
фото: Forbes / Семён Кац

Ресейлік миллиардердің ұлы, кәсіпкер Эмин Агаларов Маңғыстау облысында жаңа курорт салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы ол Әзербайжанда өткен Kazakh Tourism мен Sea Breeze Resort арасындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қою рәсімінде мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Келіссөздер барысында тараптар Каспий теңізінің жағалауында, нақтырақ айтқанда, Ақтаудағы Кендірлі мен "Жылы жағажай" аймағында Sea Breeze үлгісіндегі курорт салу мүмкіндігін талқылады.

Эмин Агаларов алдағы уақытта Маңғыстауға арнайы келіп, құрылысқа қолайлы орындармен таныспақ.

- Келесі аялдама – Ақтау, Қазақстан. Әзербайжан мен Қазақстан – тарихи тұрғыда бауырлас халықтар. Біз өз жұмысымыз арқылы бұл байланысты одан әрі нығайтамыз деп сенеміз, – деді Агаларов.

АГАЛАРОВ ДЕГЕН КІМ

Эмин Агаларов — Ресейдегі ең бай адамдардың бірі, олигарх Араз Агаларовтың ұлы. Араз Агаларов Кремльмен тығыз байланыста, Владимир Путиннің сенімді серігі ретінде белгілі. Ол үкіметтен байқаусыз мемлекеттік тапсырыстар алып, «Единая Россия» партиясымен тығыз жұмыс істейді. Сонымен қатар, Путиннің билікте өмір бойы қалуын қолдайтынын ашық айтқан.

Серіктес жаңалықтары