×
509.26
574.75
6.46
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
509.26
574.75
6.46

"Бомба": Шерзаттың өлімі үшін Шынасыл ғана емес, бәрі сотталуы мүмкін

29.05.2025, 16:30
"Бомба": Шерзаттың өлімі үшін Шынасыл ғана емес, бәрі сотталуы мүмкін
Ulysmedia.kz коллажы

Шерзат Полаттың өлімінде негізгі айыпталушы Абзал Шынасыл ғана емес, қалған күдіктілер де сотталуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бүгінгі сот отырысында адвокат Мейірман Шекеев істе куәгер ретінде танылған екі қыз Дана Жақсыкелді мен Эльмира Нұрбекованы да қылмыстық жауапқа тартуды сұрады. Судья олардың тағдырын үкім шығару кезінде шешетінін айтты.

Сонымен қатар, жәбірленуші тараптың адвокаты Бағдагүл Әжіғалиева Шерзатқа шабуыл жасаған барлық қатысушыға топ болып адам өлтіру бабы бойынша айып тағуды талап етті. Қазіргі таңда прокурорлар тек Абзал Шынасыл ауыр қылмыс жасады деп санайды. Прокурор Дана Сәрсенбай адвокаттың талабына қарсы шықты. 

Ал айыпталушы Абзал Шынасылдың адвокаты Жұмат Әбенов жәбірленуші тараптың қорғаушысы Бағдагүл Әжіғалиеваның уәжін қолдады.

Судья тараптарды тыңдай келе айыпты ауырлатуды тек прокурорлар ғана шеше алатынын айтты.

Адвокат Джохар Өтебеков бұл жаңалықты "соттағы бомба" деп атады.

ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

2024 жылы 4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.

Өткен аптада Шерзат Полат ісі бойынша сот процесі қалай өткенін мына екі сілтемеден көруге болады.

Серіктес жаңалықтары