×
510.81
578.59
6.51
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.81
578.59
6.51

Алматыда Төле би көшесінде көлік қозғалысы шектеледі

01.06.2025, 09:51
Алматыда Төле би көшесінде көлік қозғалысы шектеледі
Алматы әкімдігі

Алматыда бүгін, 1 маусымда Төле би көшесінде көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Bala Fest Jaryq Skill Fest қалалық балалар фестивалін өткізуге байланысты Төле би көшесінің Абылай хан даңғылынан Панфилов көшесіне дейінгі шығыс бағытындағы бөлігі 1 маусымда сағат 9:00-ден 15:00-ге дейін жабылады. Батыс бағытта көлік қозғалысы шектелмейді.

Алматы полиция департаменті осыған байланысты тұрғындарға:

  •  шектеулерді ескере отырып, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауға;
  •  жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға;
  • түсіністік пен сабырлылық танытуға шақырды.

Бүгін, 1 маусымда, Қазақстанда және басқа да бірқатар елде Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіліп жатыр. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады.

Серіктес жаңалықтары