×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Ауа райына байланысты бес аймақта жолдар жабылды

15.01.2022, 14:29
Фото: ашық дереккөзден

Ауа райының қолайсыздығына байланысты елдің бес аймағында жолдар жабылды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ ақпараты бойынша ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ, бұрқасын, шектеулі көріну) бес өңірде: Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарындағы республикалық және облыстық маңызы бар тас жолдарда қозғалыс жабылды.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, өңірлерде бұрқасын, қар, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға шақырамыз. Дауыл туралы ескерту хабарламаларын ескеріңіз және қажетті сақтық шараларын сақтаңыз. Қысқы кезеңде елді мекендер арасындағы автомобиль жолдарына шығуды жоспарламас бұрын міндетті түрде ауа райы болжамын біліп алған жөн.

 

Серіктес жаңалықтары