×
433.83
482.81
5.57
#қаңтар қақтығысы #мұнай #әкімге үш сұрақ #лот ашар #ауыс-түйіс #кибербуллинг #коронавирус #hi-tech
433.83
482.81
5.57

ТЖ кезінде мәйітханаларға 225 адамның денесі жеткізілді – Бас прокуратура

15.01.2022, 21:16
Фото: Ашық дереккөзден

Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР Бас прокуратурасының қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Шалабаев Серік Рысқалиұлы мәлім етті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Төтенше жағдай кезінде мәйітханаларға қаза тапқан 225 адам жеткізілді. Олардың бір бөлігі терактқа қатысқан, ғимараттар мен құқұық қорғау органдарына шабуыл жасаған қарулы бандиттер. Қаза тапқандардың ішінде 19 полиция, мен әскер қызметкерлері бар», - деді ол.

Оның айтуынша, елде 4578 адам жәбірленуші екенін жеткізді. Оның 4 353-і жараланған, оның ішінде 3 393-і (78%) күш ведомстволарының қызметкерлері. Ведомство өкілдері бұл алдын ала деректер екенін атап өтті. Бұл сан әлі де нақтыланып жатыр.