Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовқа баспана беруге қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Күні кеше Қаржаубай Нұрымов Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі уәде еткен баспананы әлі бермегенін айтқан болатын.
ӘКІМДІК НЕ ДЕЙДІ
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің мәліметінше, жергілікті атқарушы органдар тарапынан түсіндірме жұмыстарынан кейін, өтініш иесі рұқсат құжаттарын рәсімдеу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырдан.
- Қазіргі уақытта барлық құжаттар толық дайындалды. Құрылыс жұмыстары алдағы уақытта басталады деп жоспарлануда. Аудан әкімдігі құрылыс барысын қадағалап, өз өкілеттігі аясында қажетті қолдау көрсететін болады, дейді әкімдік өкілдері Ұлысмедиаға.
ҮЙ МӘСЕЛЕСІ
Еске салайық, былтыр желтоқсанда Қаржаубай Нұрымовтың үй мәселесі әлі шешілмегені белгілі болған еді.
ҮЙДІҢ ӨРТЕНУІ
Былтыр 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды. Ал биыл наурызда Қаржаубай Нұрымовтың қарындасы Перизат Нұрымованың отбасы баспанаға ие болды.