×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Әлихан Смайылов: Мәселеге әкімдер дұрыс қарамай отыр

18.01.2022, 09:05
Фото: Ашық дереккөзден

Үкімет басшысы вакциналауды дұрыс жолға қоймаған әкімдердің жұмысын сынға алды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Еліміздің барлық өңірінде  коронавирус инфекциясымен науқастанудың күрт өскені байқалып отыр. Жыл басынан бері індетті жұқтыру деңгейі 21 есе өсті. Түркістан облысы ғана  «сары аймақта», ал қалған өңірдің барлығы «қызыл аймақта». Тәулігіне  вирустың ең көп таралу жағдайы елордада, Алматы қаласында , Қарағанды және Атырау облыстарында тіркеліп отыр. Біз  мұндай жағдайдың боларын болжадық, ең бастысы, барлық өңірде эпидемиологиялық ахуалды қатаң бақылауда ұстау қажет», - деді Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомство-аралық комиссия  өңірлерде қосымша шектеу шараларын қабылдаған. Олар нақты орындалуы тиіс дейді үкімет басшысы. Атап айтқанда, бетперде кию, әлеуметтік арақашықтықты сақтау сияқты негізгі алдын алу шараларын бұлжытпай сақтау керек. Санитарлық талаптарға  неғұрлым салғырт қараудың соңы аурудың соғырлым өсуіне әкеп соғатынын адамдар түсінулері қажет.

«Сондықтан мониторинг топтарының жұмыс қарқынын барынша күшейту қажет. Вирустың таралуын азайту үшін  науқастарды дер кезінде оқшаулап, адамдардың көп жиналуына жол берілмеуі тиіс. Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктер  ауруханаларда  қосымша орындар дайындасын. ПТР-тестілеу деңгейі төмен өңірлерде олардың санын ұлғайту қажет. Әсіресе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай және Түркістан облыстарында  тестілеу аз жасалады. Елордада, Алматы, Шымкент қалаларында, Атырау, Түркістан, Алматы, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында ревакциналау қарқыны жақсарған жоқ.  Демек, бұл мәселеге әкімдер дұрыс қарамай отыр. Сондықтан  аталған өңірлер бұл жұмысты тездету керек», - деді Әлихан Смайылов.

 

Серіктес жаңалықтары