×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

Байбек: Назарбаевты жата жамандау – елдігімізге, азаматтығымызға сын

18.01.2022, 13:35
Фото: Ашық дереккөзден

«Nur Otan» Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек бейнеконференция байланыс режимінде барлық өңірлік филиалдармен жергілікті жерлерде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың таяуда өткен Парламент Мәжілісінде қойған міндеттерін орындауға қоғамдық және партиялық қолдауды қамтамасыз ету жөнінде жиналыс өткізді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Отырыс қасіретті оқиға кезінде қаза тапқандарды бір минут үнсіз еске алумен басталды.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай, «тәуелсіздік тарихында біз алғаш рет аса күрделі және қатерлі кезеңге тап болдық». Еліміз осы күндері ауыр сынақты бастан өткерді. Сын сағатта Мемлекет басшысының батыл шешімдер қабылдауының және халқымыздың даналығы мен сабырлығының арқасында қасіретті қаңтар оқиғаларынан өттік. Еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін сақтап қалдық. Қимас жандарынан айрылған барша отандастардың қайғысына тағы да ортақтасып, көңіл айтамын. Жарақат алған, соққы көрген азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектеспін. Ең бастысы, елдің тыныштығы, адамдардың амандығы екеніне тағы да көзіміз жетті. Қираған дүние түзелер, өртенген ғимараттар қалпына келер, бірақ жүрегімізге түскен сызат ешқашан өшпейді», – деді Бауыржан Байбек.

Оның айтуынша, қазір Тұңғыш Президентіміз туралы да небір пікір айтушылар көбейген. Тарих безбеніне салсақ, кез келген оқиғаның, не тұлғаның өткендегі рөліне бірыңғай оң не болмаса тек қана теріс деп баға беруге болмайды. Мысалы, Түркияның тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүрік туралы да қарама-қайшы пікірлер көп. Бірақ, ол замануи түрік мемлекетінің негізін қалаушы тарихи тұлға болып қала бермек.

«Өткенге баға беру әркімнің қолынан келеді, бірақ ақиқат пен жалғанды ажырату әркімнің өз ар-ұятына байланысты. Ең қиын кезеңде, яғни біз мемлекет боламыз ба, болмаймыз ба деген сонау алмағайып 90-шы жылдары Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болып қалыптасты, етек-жеңін жиды. Төңірегімен терезесі теңесті. Жалпы әлемдік қауымдастық мойындады. Елбасы мен сол кездегі аға ұрпақтың 30 жыл бойы мемлекеттіліктің іргесін бекітіп, шекарасын шегендеп, территориясының тұтастығын сақтауға сіңірген ерен еңбегі ұлт тарихында өзінің оң бағасын алары сөзсіз. Ал, осы жылдары кетеуі кеткен дүниені тезірек түзеуіміз керек. Ол – сөзсіз. Президент жариялаған реформалардың да мәні осы. Бірақ, Мемлекет басшылығынан кеткен Нұрсұлтан Назарбаевты жата жамандау – елдігімізге, азаматтығымызға сын», – деді ол.

Серіктес жаңалықтары