×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Нұрсұлтан Назарбаев: Элита арасында ешқандай текетірес жоқ

18.01.2022, 16:19
Фото: Скриншот

Қазақстан халқына үндеу жасаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Қоғамда туындаған көп сұраққа жауап бере отырып, БАҚ-қа таралған әртүрлі ақпаратқа байланысты хабарлаймын: мен 2019 жылы президент лауазымды Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырғанмын. Содан бері зейнеткермін. Қазіргі уақытта Қазақстанның астанасында демалыстамын және ешқайда кеткен емеспін. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев барлық билікке ие, ол Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы. Жуық арада ол Нұр Отан партиясының төрағасы болып сайланады. Сол себепті елдің элиталарының арасында ешқандай қақтығыс немесе текетірес жоқ. Бұл бағытта таралған сыбыстың бәрінің негізі жоқ», - деді ол халыққа таратқан видеоүндеуде.

Серіктес жаңалықтары