Перизат Қайрат пен анасына қатысты іс сотқа жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бас прокуратура Перизат Қайратқа және анасы Гайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық істі мәні бойынша қарау үшін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына жіберді.
Олар Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарынан мүгедек балаларға, сондай-ақ Қазақстанда су тасқынынан және Таяу Шығыстағы қақтығыстан зардап шеккен адамдарға қайырымдылық көрсету желеуімен жиналған 3 миллиардтан астам теңгені жымқыруда айыпталады.
ЗАЛАЛ
Бұған дейін хабарланғандай, залал сомасы 3,5 млрд теңгені құрады.
Ұрланған қаражатқа сатып алынған 865 млн теңге көлеміндегі мүлікке тыйым салынды.
Қылмыстық іс айыптау актісін бекіту және сотқа жолдау үшін бас прокуратураға берілді.