×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Президент бейбіт тұрғындардың қазасын мұқият тергеп-тексеруді тапсырды

22.01.2022, 14:22

Жекелеген мемлекеттік органдардың басшыларымен өткізілген кеңес кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратураға және Ішкі істер министрлігіне осындай тапсырма берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.

«Жұртшылықтың болған оқиғалар жөнінде долбар мен қауесетке негізделген пікір қалыптастыруына жол беруге болмайды. Азаматтар биліктің ашықтық пен заңдылықты қамтамасыз етіп отырғанын көруге тиіс», – деді Мемлекет басшысы.

Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов Мемлекет басшысына терроризм мен жаппай тәртіпсіздік деректері бойынша жүргізіліп жатқан тергеу амалдарының барысы туралы есеп берді. Сонымен қатар ұсталған және тұтқындалған азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету үшін прокурорлардың қабылдаған шаралары жөнінде баяндады. Ғизат Нұрдәулетовтің айтуынша, олардың бәрі қорғау, заңды көмек алу, шағым жасау құқығымен қамтамасыз етіліп жатыр. Прокуратура органдарына қаңтар оқиғасына қатысқан азаматтардан 84 шағым түскен. Қадағалау шаралары бойынша ұсталған 96 адам босатылған.

Сонымен қатар қадағалау органының жетекшісі нақты дәлелі жоқ жағдайларда  жазаны жеңілдету жөніндегі Мемлекет басшысының берген тапсырмасының орындалу барысы туралы есеп берді. Берілген мәліметтер бойынша әкімшілік тәртіпке сәйкес соттардың шешімімен 3314 адам тұтқындалған. Прокурорлар 1884 іске қатысты жазаны жеңілдету жөнінде өтініш берген. Оларды тексеру нәтижесінде 1083 адам тұтқыннан босатылған. 493 азаматқа салынған айыппұл ескерту жазасына ауыстырылған.

Серіктес жаңалықтары