Тәжікстан президинті Эмомали Рахмонный қызы лауазымды қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz
Мән-жай
Фарзона Эмомали Тәжікстан денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің реформалар, алғашқы медициналық-санитарлық көмек және халықаралық байланыстар басқармасының бастығы болып тағайындалды.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 27 жастағы Фарзона Эмомали Тәжік мемлекеттік медицина университетінің емдеу факультетін және клиникалық резидентураны «педиатрия» мамандығы бойынша бітірген.
Бұдан бөлек, 2023 жылы Тәжікстан президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмәмдаған.
Президенттің ұл-қыздары
Эмомали Рахмонның екі ұл, жеті қызы бар. Ұлдарының бірі – Рустам Эмомали Душанбе қаласының мэрі және парламенттің жоғарғы палатасының төрағасы қызметін атқарады. Қызы Озода Рахмон 2016 жылдан бастап президент әкімшілігін басқарады. Ал Рухшона Эмомали Ұлыбританияда елші.
72 жастағы Эмомали Рахмон 1994 жылдан бері Тәжікстанды үздіксіз басқарып келе жатыр. Ол Орталық Азия елдері басшылары арасында билік басында ең ұзақ отырған адам.