×
537.91
628.87
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
537.91
628.87
6.6

Сыбайлас жемқорлық пен қылмыстық табыс: Қожамжаровқа қатысты тергеу басталды

Бүгін, 12:20
Сыбайлас жемқорлық пен қылмыстық табыс: Қожамжаровқа қатысты тергеу басталды
nbusiness.kz

Тарап кеткен Қаржы полициясының экс-басшысы, Қазақстанның бұрынғы бас прокуроры Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бас прокуратураның мәліметінше, Қожамжаровқа қызметтік өкілетін асыра пайдалану және әр жылдары басшылық қызметте жүрген кезінде қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Барлық қылмыстық іс бойынша арнайы прокурорлардың жетекшілігімен жедел-тергеу топтары құрылды.

– ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды, – деп хабарлады прокуратура.

АНЫҚТАМА

Еске салайық, Қайрат Қожамжаров бірқатар жоғары мемлекеттік қызметті атқарған: Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) төрағасы, Антикоррупциялық қызметтің (Ұлттық бюро) басшысы, Ақмола облысының әкімі, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы және Қазақстан Республикасының бас прокуроры (2017-2019).

Жақында Қожамжаровтың жақын серіктестері Олесия Кексель мен Талғат Татубаев азаптау ісі бойынша күдікке ілінген еді.

 

Серіктес жаңалықтары