×
541.19
636.44
6.49
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.19
636.44
6.49

Активтерді қайтару: Қазақстанда тәркіленген миллиардтар қайда жұмсалып жатыр

Бүгін, 11:40
Активтерді қайтару: Қазақстанда тәркіленген миллиардтар қайда жұмсалып жатыр
Ulysmedia

Бас прокурор Берік Асыловтың айтуынша, заңсыз шығарылған активтерді қайтару туралы заң қабылданғалы бері олигополия субъектілерінен 1,3 трлн теңгеден астам қаржы өндірілді. Оның шамамен 850 млрд теңгесі мемлекет кірісіне түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Асыловтың мәліметінше, қайтарылған қаражат есебінен жалпы құны 375 млрд теңгеге 207 су құбыры нысаны, 177 медициналық мекеме және 14 білім беру мен спорт нысанының құрылысы басталды.

МІНДЕТТІ ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Олигополия субъектілерімен келісімдер жасалып, елге 5,2 трлн теңге инвестиция салу туралы міндеттемелер қабылданды. Оның ішінде Алматыда жаңа туристік кешен, өзге өңірлерде көлік-логистикалық орталықтар мен зауыттар салынбақ.

Мәселен, 3 мыңнан астам жұмыс орнын ашатын тау-кен байыту комбинаты бой көтереді. Ол өндіріс көлемін ұлғайтып, ресурстарды өңдеу деңгейін арттырады, елдің экспорттық әлеуетін күшейтеді және салық түсімдерін көбейтеді.

Сонымен қатар олигополия субъектілері жалпы құны 122 млрд теңгені құрайтын 16 мектеп пен балабақша, 8 дәрігерлік амбулатория мен аурухана, 13 спорт кешені және 16 мәдени-демалыс нысанын тұрғызады.

Бұл жобалар 8 мыңнан астам қосымша жұмыс орнын ашады. Бас прокурор аталған нысандардың құрылысын қатаң бақылауда ұстайтынын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары