×
542.67
638.89
6.51
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
542.67
638.89
6.51

«Бұл – ұят»: Трамп Украинадағы соғысқа байланысты Ресей мұнайынан бас тартуға шақырды

«Бұл – ұят»: Трамп Украинадағы соғысқа байланысты Ресей мұнайынан бас тартуға шақырды
Ulysmedia

АҚШ президенті Дональд Трамп Нью-Йоркте өтіп жатқан БҰҰ Бас Ассамблеясының жалпы пікірталасында сөз сөйледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ол Украинадағы соғысқа қатысты пікір білдіріп, Ресей күткендей жетістікке жетпегенін айтты.

-Ресей бұл соғыстан ешқандай пайда көрмеді. Бұл үш күнде аяқталады деген еді, бірақ үш жыл өтсе де соғыс жалғасып жатыр, — деді Трамп.

Америкалық президент Еуропаны сынға алып, оның Ресейден энергия тасымалын жалғастыру арқылы өзіне қарсы соғысты өзі қаржыландырып отырғанын атап өтті.

-Бұл – Еуропа үшін ұят. Олар шұғыл түрде Ресейден мұнай мен газ сатып алуды тоқтатуы тиіс. Егер мен санкция енгізсем, бұл соғыс бірден тоқтар еді. Бірақ Еуропа өзіне тиесілі қадамды жасай алмай отыр, — деді ол.

Трамп сейсенбі күні еуропалық көшбасшылармен кездесу өткізіп, АҚШ-тың Ресейден энергия импортына қатысты қысқарту жөніндегі ұсыныстарын талқылайтынын да айтты. 

КОНТЕКСТ

АҚШ президенті Дональд Трамп БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында сөз сөйлеп, әлемдік ахуалды сынға алды. Ол Байденнің тұсында Америка әлсірегенін айтып, қазіргі кезеңді «алтын дәуір» деп атады. Трамп көші-қон мәселесін қауіп ретінде көрсетіп, БҰҰ-ның жұмысын да қатаң сынады.

Серіктес жаңалықтары