×
542.67
638.89
6.51
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
542.67
638.89
6.51

«БҰҰ болмайды»: Трамп не үшін бұлай деді?

«БҰҰ болмайды»: Трамп не үшін бұлай деді?
Ulysmedia

АҚШ президенті Дональд Трамп БҰҰ Бас Ассамблеясының мінберінен сөйлеген сөзінде ұйымның әлемдік қақтығыстарды реттеуде әрекетсіздік танытқанын айтып, қатаң сынға алды. «Маған БҰҰ бергені – істемейтін эскалатор мен істемейтін телесуфлёр ғана», — деп өткір пікір білдірді.

ТОЛЫҒЫРАҚ

АҚШ-тың Дональд Трамп БҰҰ Бас Ассамблеясының мінберінен ядролық қаруды қолданудың әлем үшін салдарын айтты.

«Біз ядролық қару жасауды тоқтатуға қол жеткізгіміз келеді. Егер оны бір кездері қолдансақ, бұл әлемнің ақыры болуы мүмкін. БҰҰ да болмайды, ештеңе қалмайды», — деді ол.

Сондай-ақ Трамп халықаралық қауымдастықты биологиялық қарудан толық бас тартуға шақырып, мұндай зерттеулерді «өте қауіпті» деп атады. АҚШ биологиялық қаруға бақылау орнату жөніндегі халықаралық бастаманы өзі басқармақ. Жаңа верификация жүйесі жасанды интеллект негізінде құрылады.

КОНТЕКСТ

Еске сала кетейік, бүгін, 23 қыркүйекте, Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде Бас Ассамблеяның 80-сессиясының жалпы пікірталастары өтіп жатыр. Бұл – мемлекет және үкімет басшылары әлемдік саясат, қауіпсіздік, экономика және адам құқықтарына қатысты негізгі мәселелерді талқылайтын ең ірі жыл сайынғы дипломатиялық шара.

Серіктес жаңалықтары