×
443.72
482.28
4.9
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.72
482.28
4.9

Жамбыл облысында вакцинация паспортын 15 мың теңгеге сатқандар ұсталды

24.09.2021, 09:34
Фото: Ашық дереккөзден

Қаржылық мониторинг агенттігі вакцинация паспорттарын қолдан жалған жасаудың 30 дерегінің жолын кесті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Мұндай құқық бұзушылықтарға қарсы күресте әлеуметтік жауапкершілікті танытатын және осындай деректер туралы хабарлайтын азаматтар маңызды рөл атқарады.

«Осылайша, Агенттіктің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаментіне Жамбыл ауданы Аса ауылының емханасында материалдық сыйақы үшін жалған вакцинация паспорттарын заңсыз ұсынғаны туралы шағым түсті. Тексеру барысында департамент қызметкерлері аталған емханада COVID-19 қарсы вакцинация паспортын нақты екпесіз 15 мың теңгеге беру дерегін анықтады», - деп хабарлайдды агенттік.

Аталған дерек бойынша барлық қатысы бар тұлғаларды анықтау үшін тергеу шаралары жүргізілуде.

Егер Сізге осындай құқық бұзушылықтар белгілі болған жағдайда, Агенттіктің + 7 7172 70-84-78 сенім телефоны арқылы немесе тұрғылықты жеріңіз бойынша аумақтық департаментке дереу хабарлауыңызды сұраймыз.

Серіктес жаңалықтары