×
545.67
636.41
6.57
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
545.67
636.41
6.57

Жұмысқа қалай киіну керек - синоптиктер ауа райы болжамын ұсынды

08.10.2025, 00:10
Жұмысқа қалай киіну керек - синоптиктер ауа райы болжамын ұсынды

"Қазгидромет"  2025 жылғы 8-9 қазан күндері Астана мен еліміздің 12 облысында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АСТАНАДА ТҰМАН ТҮСЕДІ

Синоптиктердің хабарлауынша, 8 қазан күні түнде және таңертең Астанада тұман түседі.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ДА ТҰМАН КҮТІЛЕДІ

Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында да тұман болжанып отыр.

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА АЯЗ ЖӘНЕ ӨРТ ҚАУІПІ

Алматы облысында түнде -1...-6°С дейін аяз күтіледі. Облыстың солтүстігінде өрттің ерекше жоғары қаупі сақталады.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮШТІ ЖЕЛ СОҒАДЫ

Синоптиктердің мәліметінше, Түркістан облысының таулы асуларында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰМАН

Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі.

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА АЯЗ КҮТІЛЕДІ

8-9 қазан түндері Жетісу облысында -1...-6°С аяз болады. Талдықорғанда -3...-5°С шамасында аяз күтіледі.

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА ӨРТ ҚАУІПІ САҚТАЛАДЫ

8 қазанда облыстың солтүстігі, оңтүстігі және шығысында, сондай-ақ Атырау қаласында өрттің ерекше жоғары қаупі бар. Солтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА АЯЗ, ТҰМАН ЖӘНЕ КҮШТІ ЖЕЛ

Облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде және таулы аймақтарында топырақ бетінде -1...-3°С аяз байқалады. Өрт қаупі — батысы мен солтүстігінде өте жоғары, орталығында — жоғары деңгейде.

Тараз қаласында 8 қазан түні топырақ бетінде -2°С аяз күтіледі.

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ШАҢДЫ ДАУЫЛ

Күндіз облыстың орталығы мен шығысында, сондай-ақ Қызылорда қаласында шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Өрт қаупі өте жоғары деңгейде сақталады.

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА ӨРТ ҚАУІПІ

Облыстың шығысында өрт қаупі жоғары, ал оңтүстігінде – ерекше жоғары деңгейде сақталады.

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА ШАҢДЫ ДАУЫЛ

Күндіз облыстың оңтүстігі мен орталығында шаңды дауыл тұрады. Шығыстан және оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с дейін күшейеді. Облыс пен Ақтау қаласында өрт қаупі жоғары болып қала береді.

ҚАРАҒАНДЫ МЕН БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНДА ТҰМАН ТҮСЕДІ

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында, сондай-ақ Қарағанды қаласында тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде, сондай-ақ Орал қаласында да тұман болады.

Облыстың батысы, солтүстігі мен орталығында өрт қаупі жоғары, ал солтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында — ерекше жоғары деңгейде сақталады.

Серіктес жаңалықтары