×
536.32
626.9
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
536.32
626.9
6.6

Шешен Республикасында екі қазақстандық ұсталды - олар не істеп жүр

17.10.2025, 22:20
Шешен Республикасында екі қазақстандық ұсталды - олар не істеп жүр
Ашық дереккөзден

Арнайы операция барысында барлығы 37 адам ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Шешен Республикасы ІІМ «Іздеу» операциясының нәтижелері туралы хабарлады. Осы күндері ұсталған 37 адамның арасында Қазақстанның сұранысы бойынша қолға түскен екі азамат бар.

15-16 қазан аралығында Шешен Республикасы аумағында ІІМ-нің жедел-іздестіру басқармасы (ЖІБ) «Іздеу» атты федералдық жедел-алдын алу шарасының екінші кезеңін ұйымдастырып, өткізді. Операция барысында ЖІБ қызметкерлері іздеуде жүрген және хабар-ошарсыз кеткен 37 адамды анықтап, ұстады. Олардың ішінде:

  • 16 адам — Шешен Республикасы ІІМ-нің сұранысы бойынша
  • 11 адам — Ресей Федерациясының басқа субъектілерінің сұранысы бойынша
  • 3 адам — Ресейдің Федералдық жазаны орындау қызметінің сұранысы бойынша
  • 2 адам — Қазақстан Республикасы ІІМ-нің сұранысы бойынша

Сонымен қатар, бұрын хабар-ошарсыз кеткен деп есептелген 5 азамат анықталды, делінген ресми хабарламада.

Операцияның басқа егжей-тегжейлері нақтыланбаған.

БҰҒАН ДЕЙІН

Санкт-Петербургте қазақстандық азаматтың ұсталғаны туралы хабарланған еді. Ол жергілікті радиостанция ғимаратына баса-көктеп кіріп, эфирге шығуға тырысқан.

Серіктес жаңалықтары