×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Президент сайлауы: Ердоған үшінші мерзім үшін таласа ма

07.02.2022, 14:44
Фото: ашық дереккөзден

Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған 2023 жылғы маусымда өтетін президент сайлауында Халық альянсы атынан бақ сынайды. Бұл туралы Ұлттық харекет партиясының төрағасы Девлет Бахчели мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап. 

«Біздің президенттікке үміткеріміз белгілі, ол - Режеп Тайып Ердоған мырза. 2023 жылы маусымда өтетін сайлауда Ердоған мырзаның үлкен басымдықпен алға шығатынына және Халықтық альянстың тағы бір жеңіске жететініне сенімдімін», - деді Девлет Бахчели.

Бахчели кей ортада қазіргі президент Ердоғанның бұдан былай сайлауға түспейтіні жайлы түрлі алып-қашпа әңгіме тарағанын сөз етіп, бұл мәлімдеменің заңды және конституциялық негізі жоқ екенін, объективті шындыққа сай еместігін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары