×
538.13
624.88
6.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.13
624.88
6.64

Тәжікстан мен Талибан арасында қарулы қақтығыс болды

Бүгін, 18:03
Тәжікстан мен Талибан арасында қарулы қақтығыс болды
Көрнекі сурет. Фото: Asia-Plus

Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасында қарулы қақтығыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Ауғанстанның «Hasht-e Subh» басылымының мәліметінше, Тәжікстан шекарашылары мен «Талибан» қозғалысының содырлары арасында қарулы қақтығыс болған. Оқиға 25 қазанда Ауғанстанның Бадахшан провинциясындағы Шахрибузург уезіне қарасты Даванг ауылында болған.

Басылымның жазуынша, атыс кезінде қаза тапқандар мен жараланғандар бар, алайда олардың нақты саны әзірге белгісіз.

Қақтығысқа Пяндж өзенінің арнасының өзгеруі себеп болған. Бұл өзен (Амударияның жоғарғы саласы) Тәжікстан мен Ауғанстан арасындағы шекара бойымен ағады.

Қақтығысқа Қытай компаниясы себеп болған

Пяндж өзенінің табанында алтын бар. Кейінгі жылдары оның ауған жағалауында алтын өндіру айтарлықтай артқан. 2021 жылы «Талибан» қозғалысы билікке келгеннен кейін, бұл жұмыстарға жергілікті тұрғындармен қатар, қытайлық кен өндіру компаниялары да белсенді түрде қатыса бастаған.

Атыс қытайлық компаниялар алтын өндіріп жатқан аймақта болған.

Жергілікті дереккөздердің айтуынша, Қытай кәсіпорындарының қызметі өзен арнасының бұзылуына алып келген.Душанбе мұны су ресурстарына қауіп және шекаралық аймақтардағы су тасқыны қаупін арттыру деп бағалаған.

Контекст

Бұл — соңғы айларда Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасында болған екінші қарулы қақтығыс. Алғашқысы тамыз айының соңында, осы Шахрибузург ауданында болған еді. Ол кезде бір содыр қаза тауып, төртеуі жараланған. Ол кезде де қарулы қақтығысқа себеп ретінде қытайлық алтын өндіру компанияларының әрекеті аталған болатын.

Қақтығысқа қатысты Тәжікстан билігі де, «Талибан» өкілдері де әзірге ресми түсініктеме берген жоқ. Қарулы қақтығыс «Талибан» делегациясының Душанбе қаласына сапарымен тұспа-тұс келген.

 

Серіктес жаңалықтары