ІІМ мәліметінше, Шымкент станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері патрульдеу кезінде қала әуежайының аумағында әртүрлі жұмыс атқарып жүрген Өзбекстан Республикасының 6 азаматын анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Құжаттарын тексеру кезінде шетелдіктердің өз жұмыстарын заңсыз жүзеге асырғаны анықталды», – деді көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов.
Жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысты ҚР ӘҚБтК 519-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырып, 1200 АЕК – 4 млн теңге әкімшілік айыппұл салынды. Ел заңнамасын бұзған өзбекстандықтар да жауапкершілікке тартылды.