×
503.89
587.54
6.48
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.89
587.54
6.48

3–4 сағат болады: стоматологиядағы бала өліміне қатысты сот жалғасып жатыр

Бүгін, 20:10
3–4 сағат болады: стоматологиядағы бала өліміне қатысты сот жалғасып жатыр
Әлеуметтік желіден

Астанада жеке клиникада тісін наркозбен емдеу кезінде көз жұмған үш жасар Зере есімді қыздың ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Бүгін сотта ем жүргізген стоматолог дәрігерден жауап алу аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ДӘРІГЕРДІҢ ЖАУАБЫ

Стоматологтың айтуынша, бір сеанста емдеуге болатын тістердің санына заңдық шектеу жоқ. Сот барысында судья қандай құрал-жабдық қолданылғанын нақтылады. Дәрігердің сөзіне қарағанда, үш жасар Зереге стандартты балаларға арналған тыныс алу түтігі пайдаланылған.

АНАСЫНЫҢ СӨЗІ

Қыздың анасы күйеуінің бірнеше рет дәрігерлерден «емді бірнеше кезеңге бөлуге бола ма?» деп сұрағанын айтты. Себебі бастапқыда 9–11 тіс емделеді деп хабарланған. Адвокаттың «барлық тісті бірден емдеуге келісуге кім көндірді?» деген сұрағына әйел стоматологты нұсқады.

«18 тіс емделетінін бізге тек бала ингаляциялық наркозбен ұйықтап жатқанда айтылды. Алғашында 9–11 тіс болуы мүмкін деген, нақты сан айтылмаған. Бізге бәрін бірден жасауға болады, бұл қалыпты жағдай, уақыт шамамен 3–4 сағат болады деді», – деді ол.

СОТТА КӨРСЕТІЛГЕН ВИДЕОЖАЗБА

Сотта клиникадағы бейнебақылау камерасынан алынған жазбалар көрсетілді. Кадрларда ата-ананы емдеу барысында шақырып, дәрігерлердің 11 тістің орнына 18 тісті емдеуге шешім қабылдағанын хабарлағаны көрінеді. Жазбада анасы емнің қанша уақытқа созылатынын сұрайды, оған «шамамен төрт жарым сағатқа созылады» деген жауап беріледі.

ДӘРІГЕРДІҢ ПІКІРІ

Адвокат ем жоспарының өзгеруі маңызды фактор екенін айтып, бұл жағдай қайғылы оқиғаға әсер етуі мүмкін бе деп сұрады. Стоматологтың пікірінше, емделген тістердің саны да, процедураның ұзақтығы да баланың өліміне себеп бола алмайды. Ол нақты себеп әлі белгісіз екенін, сарапшылардың қорытындылары әртүрлі екенін жеткізді.

«Жоқ, менің ойымша, жоқ. Өлімнің себебі уақытқа да, емделген тістердің санына да байланысты емес. Нақты себепті ешкім білмейді. Сарапшылардың пікірлері әртүрлі», – деді стоматолог.

КОНТЕКСТ

Қайғылы оқиға 2024 жылдың 30 қазанында болған. Үш жасар қыз тісін наркозбен емдегеннен кейін оянбаған. Әкесінің айтуынша, процедура жоспарланған үш сағаттың орнына үш жарым сағаттан артыққа созылған. Бұған дейінгі сот отырыстарында ол дәрігерлердің 18 тісті бірден емдеуге шешім қабылдағанын, ал емді бірнеше кезеңге бөлу мүмкіндігі қарастырылмағанын айтқан.

Серіктес жаңалықтары