×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Шетелде компаниялары бар қазақстандық шенеуніктер жайлы тың мәлімет шықты

23.01.2023, 10:49
фото: ашық дереккөзден

Мемлекеттік кірістер комитеті шетелде компаниялары бар мемлекеттік қызметшілер жайлы мәлімет берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

LS-тің хабарлауынша, 17 қазақстандық шенеунік – 15 елдегі компаниялардың иелері немесе ортақ иелері. Мемлекеттік кірістер комитеті бұл деректі мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдардың, сондай-ақ олардың жұбайларының табыстарын декларациялау барысында анықтаған.

Сондай-ақ, екі жеке тұлғаның БАӘ компанияларында, ал тағы екеуінің АҚШ компанияларында үлесі бар екені белгілі болды.

Сонымен қатар, қазақстандық шенеуніктердің Ұлыбританияда, Германияда, Грузияда, Индонезияда, Испанияда, Кипрде, Мальтада, Сингапурда, Словенияда, Швейцарияда, Эстонияда және Виргин, Кайман аралдарында бизнесі бары анықталды.

Мемлекеттік кірістер комитеті елімізде осы жылдың басынан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі басталғанын еске салды.

Бұл жолы есеп тапсырушылар санатына мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен олардың жұбайлары, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайлары қосылады. Олар ағымдағы жылдың 15 шілдесінен кешіктірмей  активтер мен міндеттемелер туралы барлық ақпаратты ұсынуы қажет. 

2024 жылы тізімге заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары мен жеке кәсіпкерлер кіреді. Ал 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап декларацияны барлық қазақстандықтар тапсыруы тиіс.

Серіктес жаңалықтары