×
522.38
612.6
6.54
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
522.38
612.6
6.54

Хорваттар Қазақстандағы мұнай кен орнын игеруге қызығып отыр

Бүгін, 17:16
Хорваттар Қазақстандағы мұнай кен орнын игеруге қызығып отыр
Ulysmedia.kz коллажы

Хорватияның көмірсутектер жөніндегі агенттігі Ақтөбе облысындағы «Шығыс» учаскесінде орналасқан мұнай кен орнын игеруге қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының мәліметінше, ҚМГ басқарма төрағасы Асхат Хасенов Астанада Хорватияның көмірсутектер агенттігінің басшысы Мариян Крпанмен кездесті. Кездесу барысында тараптар «Шығыс» жобасы аясындағы геологиялық барлау саласындағы ықтимал ынтымақтастықты талқылаған.

Бұған дейін ҚазМұнайГаз аталған учаскені хорватиялық тарапқа ұсынып, жоба Хорватияның көмірсутектер жөніндегі агенттігі тарапынан қызығушылық тудырған.

— Хорватияның көмірсутектер жөніндегі агенттігінің жүз пайыздық еншілес ұйымы — Geoenergija Razvoj d.o.o компаниясы тарапынан өтінім берілді. Қазіргі таңда тараптар негізгі құжаттаманы, соның ішінде бірлескен қызмет және қаржыландыру туралы келісімдерді әзірлеу жұмыстарын аяқтап жатыр, — деп хабарлады ҚазМұнайГаз.

Келісім жасалғанға дейін «Шығыс» учаскесінде бұрынғы сейсмикалық барлау деректері қайта өңделіп жатыр.

ЖОБА ТУРАЛЫ

«Шығыс» жобасы ҚазМұнайГаз бен шетелдік инвестордың қатысуымен бірлескен кәсіпорын құруды көздейді. Бұл кәсіпорын ұзындығы 500 шақырымды қамтитын аумақта геологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп, тереңдігі кемінде 3,5 шақырым болатын бір барлау ұңғымасын бұрғылауы тиіс.

Жобаны қаржыландыруды тараптар тең үлеспен жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Геологиялық барлау жұмыстарын келесі жылы бастау көзделген.

Айта кетейік, мұнай қоры болуы мүмкін «Шығыс» учаскесі Ақтөбе облысының Байғанин, Мұғалжар және Темір аудандарының аумағында орналасқан.

Серіктес жаңалықтары