×
519.61
610.13
6.54
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.61
610.13
6.54

Астана әуежайы жолаушылар шұғыл эвакуацияланып жатқанын жоққа шығарды

Бүгін, 16:03
Астана әуежайы жолаушылар шұғыл эвакуацияланып жатқанын жоққа шығарды
pixabay.com

Астана әуежайында жолаушылар шұғыл эвакуацияланып жатқаны туралы хабар тарады. Алайда әуежай өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бірқатар БАҚ-та Астана әуежайында өрт шығу қаупіне байланысты келушілерді шұғыл эвакуациялау жүргізілді деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

Әуежайда хабарландыру жүйесінің жұмысын тексеру және қызметтердің өзара іс-қимылын пысықтау мақсатында жоспарлы оқу-жаттығу өткізіліп жатыр.

Барлық жолаушылар мен келушілер оқу дабылының өткізілетіні туралы дауыс зорайтқыш арқылы алдын ала хабардар етілген.

Қандай да бір оқиға, өрт немесе қауіпсіздікке төнген қатер тіркелген жоқ. Қазіргі таңда әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Жолаушыларға қызмет көрсету мен рейстердің орындалуы ешқандай шектеусіз жүзеге асырылуда.

Әуежай әкімшілігі ақпаратты тек ресми дереккөздерге сүйеніп таратуды сұрады.

Серіктес жаңалықтары