×
514.31
603.03
6.4
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.31
603.03
6.4

Радиофобия байланыс сапасына әсер етіп жатыр

Бүгін, 23:10
Радиофобия байланыс сапасына әсер етіп жатыр
Әлеуметтік желіден

18 желтоқсан күні Астанада радиотолқындар мен заманауи телекоммуникациялық технологиялардың адам ағзасына ықпалына арналған дөңгелек үстел өтті. Оған мемлекеттік органдардың өкілдері, ғылыми қауымдастық мүшелері, халықаралық ұйымдар, байланыс операторлары және өңірлік құрылымдар қатысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ҚОҒАМДАҒЫ АЛАҢДАУШЫЛЫҚ

Іс-шараға қатысушылар мобильді байланыс, интернет, сондай-ақ төртінші және бесінші буын желілерінің дамуы күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналғанын атап өтті. Бұл үрдіс өнеркәсіпке, білім беру саласына, қашықтан көрсетілетін медициналық қызметке және «ақылды қала» жобаларына жаңа мүмкіндіктер ашып отыр. Дегенмен қоғамда жаңа технологиялардың денсаулыққа ықтимал әсеріне қатысты алаңдаушылық сақталуда.

ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ ҰСТАНЫМЫ

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму министрлігіне қарасты Телекоммуникациялар комитеті қашықтан көрсетілетін қызметтердің көбеюі мен цифрлық трансформация телекоммуникациялық инфрақұрылымға түсетін жүктемені арттыратынын, сондықтан ғылыми негізделген шешімдер қажет екенін атап өтті. Комитет төрағасы Дамир Сейсембековтың айтуынша, базалық станция мен абоненттік құрылғы арасындағы қашықтық сәулелену деңгейіне тікелей әсер етеді.

— Смартфон базалық станциядан алыстаған сайын қуатты көбірек пайдаланады. Ал базалық станцияларды жиірек орналастыру, керісінше, абоненттік құрылғылардың сәулелену деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді, — деді ол.

РАДИОФОБИЯ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ РЕАКЦИЯ

Жеке тақырып ретінде радиофобия мәселесі қозғалды. Сарапшылардың айтуынша, тұрғын аймақтарға жақын жерлерде GSM базалық станциялары көп жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанына қарамастан, денсаулыққа жаппай зиянды әсері дәлелденген жоқ. Соған қарамастан, кейбір өңірлерде базалық станцияларды алып тастау жағдайлары әлі де кездеседі, бұл байланыс сапасына тікелей әсер етеді.

САНИТАРЛЫҚ НОРМАЛАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау өкілдері Қазақстанда электромагниттік сәулеленуге қатысты ең қатаң санитарлық нормалардың бірі қолданыста екенін айтты. Радиосигналдың шекті рұқсат етілген деңгейі 10 микроватт/см² болып белгіленген. Бұдан бөлек, Цифрлық даму министрлігі Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп ғылыми және медициналық зерттеулерге кешенді метаанализ жүргізу бойынша жол картасын іске асырып жатыр.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ

Электромагниттік өрістердің әсерін реттеу тәжірибесін Халықаралық электр байланысы одағының (International Telecommunication Union) сарапшылары таныстырды. Олар Қазақстанда қолданылып жүрген нормалардың халықаралық стандарттарға сәйкес келетінін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары