×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

«Жаңа министр жұмыстан бәрін шығарып жатыр»: Сүлейменова сыбысқа жауап берді

24.01.2023, 10:51
Коллаж: ulysmedia.kz.

Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова өз ведомствосындағы кадрлық ауыс-түйістер жөніндегі сыбысқа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Сіз басшы болып келгелі Экология және табиғи ресустар министрлігінде кадрлық ауыс-түйістер болып жатқаны айтылып, жазылып жатыр. Орынбасарларыңыз орнын босатып, комитет басшылары да жұмыстан кеткен. Мұның себебі неде? Жаңа команда жасақтап жатырсыз ба?» - деп сұрады Ulysmedia.kz тілшісі министр.

Зүлфия Сүлейменова бұл сұраққа берген жауабында «Үкімет аппараты мен Экология және табиғи ресурстар министрі реорганизациядан өтіп жатқанын» айтты.

«Қайта құрылымдау жүріп жатқаннан кейін әрине, біз заңнамаға сәйкес, тиісті жұмысты атқарамыз. Бәлкім, осы сыбыс осы реорганизацияға байланысты болған шығар. Біз қазір бір-бірімізге іштей де қалжыңдаймыз. Қайта құрылымдау әзірге толыққанды өткен жоқ. Өйткені бізде геология комитетіне Индустрия министрлігіне беріп жатыр. Минаралды-шикізат база департаментінің де бірліктері Индустрия министрлігіне көшеді. Сол себепті реорганизация толыққанды жүруде», - деді министр.

Зүлфия Сүлейменованың айтуынша, қазір министрлікті басшылардың бәрі міндетін атқарушы болып отыр. Өйткені Экология және табиғи ресурустар министрлігі Әділет министрлігінде әлі тіркелмеген.

«Штатық есепті тіркеуіміз керек. Одан кейін барлық қызметкерлер өзінің орындарына қайта тағайындалатын болады. Қайта құрылымдауға байланысты осындай сыбыстар болған шығар», - деп сөзін қайталады Зүлфия Сүлейменова.

Серіктес жаңалықтары