×
458.69
501.3
6.52
#қаңтар қақтығысы #мұнай #әкімге үш сұрақ #лот ашар #ауыс-түйіс #кибербуллинг #коронавирус #hi-tech
458.69
501.3
6.52

Түркістан облысы білім басқармасының басшысы мен 4 қызметкердің үйіне тінту жүргізілді

24.01.2023, 19:38
Фото: Ашық дереккөз

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының лауазымды қызметкерлері сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының 4 лауазымды қызметкеріне соттың санкциясынсыз тінту жүргізілген.

«Ж.Махамбетов, Н.Нұрлыбаев, Д.Болатханұлының пәтеріне және Н.Нұрлыбаев, Б.Ахметов, Д.Болатханұлының қызметтік кабинетіне, сондай-ақ, Н.Нұрлыбаевтың «Nissan Almira» үлгісіндегі мемлекеттік тіркеу нөмірі 380 АА 13 автокөлігіне, Д.Болатханұлының «TOYOTO CAMRY» үлгісіндегі мемлекеттік тіркеу нөмірі 370 АА 13 автокөлігіне тінту жұмыстары жүргізілді. Түркістан қаласының мамандандырылған тергеу сотында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің тергеу судьясының санкциясынсыз жүргізілген тінтудің заңдылығын тексеру туралы өтінішхат 2023 жылғы 7 қаңтарда қаралып, заңды деп табылған», - делінген ақпаратта.
Серіктес жаңалықтары