×
508.91
594.36
6.33
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
508.91
594.36
6.33

Қазақстандықтар көрші елдердің халқынан әлдеқайда жақсы өмір сүруі тиіс - Жәкішев

08.01.2026, 08:21
Қазақстандықтар көрші елдердің халқынан әлдеқайда жақсы өмір сүруі тиіс - Жәкішев
Видео кадры

«Қазатомөнеркәсіп» компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын арттыру ұлттық идеяға айналуы қажет деп санайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жәкішевтің айтуынша, біртұтас әрі ұйымшыл ел қалыптастырудың кілті – халықтың өмір сүру деңгейін көтеру. Сонда ғана патриотизм пайда болып, отанды қорғауға деген ниет қалыптасады. Ол қазақстандықтар көрші елдердегі азаматтардан әлдеқайда жақсы өмір сүруі керек екенін атап өтті. Алайда қазір, оның сөзінше, жағдай алаңдатарлық: жұмыс істеп жүрген көптеген азамат азық-түлікті несиеге алуға мәжбүр.

– Біз қазір елде бір ортақ мақсатқа жету үшін не істеу керек екенін жалпы түрде айтып отырмыз. Меніңше, ол мақсат ұлттық идеяға айналуы тиіс. Бұл – осы жерде тұратын барлық адамның әл-ауқатын жақсарту және өмір сүру деңгейін көршілерімізден әлдеқайда жоғары көтеру. Сонда патриотизм пайда болады, адамдардың жоғалтатын нәрсесі болады, олар өз еліне қадірмен қарайды. Сол кезде қорғайтын да құндылықтары болады. Яғни, біз шын мәнінде ұйысқан, кристалданған біртұтас ұлт қалыптастырамыз, – деді ол Lighthouse YouTube-арнасында Досым Бесбай жүргізетін эфирде.

Серіктес жаңалықтары