×
508.91
594.36
6.33
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
508.91
594.36
6.33

Жемқорлық туралы хабарлағандарға миллиондар берілді

08.01.2026, 11:01
Жемқорлық туралы хабарлағандарға миллиондар берілді
Ulysmedia.kz коллажы

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2025 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген жұмыс қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МЫҢНАН АСА ІС

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәліметінше, өткен жылы елде 895 сыбайлас жемқорлық дерегі әшкереленген. Аталған фактілер бойынша 1052 қылмыстық іс қозғалып, оның 969-ы бойынша тергеу аяқталған. Соның 860-ы сотқа жолданған.

— Сыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі пара алу және бюджет қаражатын жымқыру қылмыстарына қатысты, — деп хабарлады ҰҚК.

АҚШАЛАЙ СЫЙАҚЫ

Құқық қорғау органдарының әрекеті нәтижесінде мемлекет бюджетіне сыбайлас жемқорлар жымқырған 16,1 млрд теңге қайтарылған. Сонымен қатар, пара алғандар мен бюджет қаржысын жымқырған тұлғалардың жалпы құны 3,3 млрд теңге болатын мүлкіне тыйым салынған.

Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы ақпарат берген азаматтарға ақшалай сыйақы төленген.

— Сыбайлас жемқорлық фактілері жөнінде хабарлағаны үшін 61 адамға жалпы сомасы 24,2 млн теңге көлемінде көтермелеу берілді, — деп нақтылады ведомствода.

Серіктес жаңалықтары