×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Ауғанстан өлім жазасын қайтаруды қолға алмақ

25.09.2021, 16:50
ашық дереккөз

Ауғанстанда билікті басып алған «Талибан» лаңкестік қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған) аталған елде өлім жазасын қайтарып, дене жазасын, оның ішінде аяқ-қолды кесу тәжірибесін жандандырмақ, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

РБК телеарнасының мәліметінше, бұл туралы аталған қозғалыстың негізін қалаушылардың бірі Нуриддин Тураби Associated Press-ке берген сұхбатында айтқан.

«Қолда кесу қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін керек. Кабулдағы спорт стадионында өлім жазасына кесуге қатысты сын айтушылар көп болды. Біздің заң қалай болуы керек екенін айтуға ешкімнің құқығы жоқ. Біз ислам діні бойынша жүрміз және Құран негізінде заң орнатамыз», - дейді ол.

Қазіргі уақытта бұл жаза түрлерін көпшіліктің көзінше орындау керек пе, керек емес пе – осы мәселе шешіліп жатыр.

Бұған дейін осы қозғалыстың өкілі өлім жазасы мен таспен ату жазасы сот шешімі негізінде жүзеге асатынын айтқан болатын.
 

Серіктес жаңалықтары