×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

«Мені тыңдамады»: Ертісбаевты мақтаған Ахметбеков партиядан шығатынын мәлімдеді

25.01.2023, 16:06
Коллаж: ulysmedia.kz.

Жамбыл Ахметбеков Қазақстан халық партиясынан кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Осыдан бірнеше ай бұрын Қазақстан халық партиясы басшылығына келген Ермұхамед Ертісбаевты мақтаған Жамбыл Ахметбеков бүгін сол партиядан кетіп жатыр екен. Еске сала кетсек, былтыр наурыз айында Ермұхамет Ертісбаев Қазақстан халқы партиясына басшы болып келген кезде Жамбыл Ахметбеков «оның танымалдылығын пайдаланамыз» деген еді.

«Оның танымалдылығы, білгіштігі бізге жақсылық қана әкеледі. Жамандығы тимейді. Ал кейбір алыпқашпа әңгімелерді, карикатураларды біз «қара пиар» деп санаймыз да, ол да жақсылығын әкелетін шығар», - деген еді Ахметбеков.

Ал арада 10 ай өткенде Ахметбеков бүгін партия басшылығына өкпе артып кетіп бара жатқанға ұқсайды.

«Мен партияның принциптері мен бағдарламаларын толық қолдаймын. Алайда партияның қағидасыз әрі кәсібилігі жоқ жаңа басшылығы дұрыс істеп жатқан жоқ. Иә, олар жаңа адамдар келіп жатқанын айтады. Алайда үздік, адал адамдар партиядан кетіп жатыр. Осы көзқарасымды жаңа басшылыққа жеткізіп едім, олар мені тыңдамады», - дейді Ахметбеков.

Серіктес жаңалықтары