×
506.7
593.14
6.53
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
506.7
593.14
6.53

Бишімбаевтың бақылауы мен опасыздығы: Назым Қахарман бұрынғы өмірі туралы ашып айтты

Бүгін, 13:08
Бишімбаевтың бақылауы мен опасыздығы: Назым Қахарман бұрынғы өмірі туралы ашып айтты
Фото: instagram

Сырт көзге мінсіз көрінген отбасының ішінде ауыр күйзеліс пен жалғыздық болған. Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы жұбайы Назым Қахарман экс-министрмен бірге өткізген өмірінің шынайы бейнесін әлеуметтік желіде баяндады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әдемі көрініс пен ащы шындық

Өткен өміріне қатысты естеліктерімен Назым Қахарман Instagram парақшасында бөлісті.

- Мальдивтен бастайын, – деп жазады ол.

2016 жылдың қаңтары. Жаңа жылдан кейін олар Қуандық Бишімбаевпен және отбасылық достарымен Мальдив аралдарына демалысқа кеткен. Сырттай бәрі әдемі болғанымен, Назым үшін бұл сапар жанжалға толы өткен.

Оның айтуынша, дәл бір жыл бұрын күйеуінің опасыздығын білген.

- 2015 жылы оның басқа әйелмен байланысы барын білдім. Соған қарамастан отбасымды сақтап қалуға тырыстым. Екеуіміз де жұмыс істейміз деп ойладым. Бірақ іс жүзінде бәрін жалғыз мен жасадым. Кешіруге, ұмытуға, қарым-қатынасты сақтауға тырыстым. Өз-өзіме сенім жоғалды. Ал ол сол демалыс бойы әлгі әйелмен байланысын үзбеді, – деп жазады Қахарман.

Бір жылдан кейін, тергеу кезінде күйеуінің хат алмасуларын оқығанда, ол шындықтың толық бетін ашқан. Назым Бишімбаевтың Анар есімді әйелмен жазысқан хабарламаларының скриншоттарын да жариялады.

- Екі жақта өмір сүрді. Көпшілікке – сүйікті жар. Ал шын мәнінде… Бұл жазбамен тек опасыздарды емес, сол әйелдерді де ойландырғым келеді. Мұның соңы неге апарады? Егер Қуандық сол кезде өз-өзіне адал жауап бергенде, бәлкім, біз отбасын сақтамас едік. Ол адам өлтірмес еді, жанын жоғалтпас еді. Оның 2026 жылы мүлде басқа болар еді. Бұл — сыни ойлаудың қаншалық маңызды екенін көрсетеді, – деп жазды ол.

Мальдивтегі Бекхэмдермен тосын кездесу

Назым сол кезеңде күйеуінің суық, тұйық мінезін де сипаттады.

- Ол достарына мені “мазасын алатын әйел” ретінде көрсететін. Бірте-бірте мен де соған сеніп, демалысты бәріне бүлдіріп жүргендей сезіндім, – дейді ол.

Ауыр күндердің арасында күтпеген сәт те болған. Демалыс кезінде олар Бекхэмдер отбасымен кездейсоқ жолыққан.

- Дэвид біздің ер адамдармен футбол ойнады, жалаңаш күйде велосипед тепті. Виктория күнге қыздырынып, кітап оқып жатты. Балалары дайвингке, йогаға кеткен. Олардың бір-бірімен шынайы бақытты екенін көрдім.

Назым бұл кездесуді тағдырдың белгісіндей қабылдағанын жазады.

- Олар мені біреумен шатастырып, күліп қол бұлғағанда, “міне, олар да опасыздықтан өтіп, бәрін еңсерген” деп ойладым. Біз де солай болармыз деп сендім. Бірақ ол сапар мен үшін ауыр, мазасыз әрі мұңды өтті. Бұл — менің Мальдивке алғашқы әрі соңғы сапарым болды.

Ажырасуға апарар жол

Назым Қахарманның айтуынша, Парижге болған қызметтік іссапардан кейін оның ойында ажырасу түбегейлі қалыптасқан.

- Ол тым тәкаппар бола бастады. Сол кезден бастап мен іштей кетуге дайындала бастадым, – дейді ол.

Бишімбаевтың бақылауы шектен шыққанын да ашық жазады.

- Барлық жерде жүргізуші, күзет. Мен бір жаққа шықсам — міндетті түрде оның анасы немесе бала күтуші қасында болуы керек. Өзімді бір адамға емес, үш адамға – оның ата-анасына және өзіне тұрмысқа шыққандай сезіндім.

Назымның айтуынша, сырттай үлгілі отбасы бейнесінің артында мүлде басқа шындық жатқан.

- Мен сол әдемі фасадты ұстап тұрдым. Ал оның ішінде — өтірік, тұрақты психологиялық қысым, кейін физикалық агрессия да басталды.

Назым Қахарман күйеуінің достарымен қарым-қатынасына да тоқталды.

- Салтанатты тойлар өтетін. Лауазымды адамдар көп жиналатын. Бірақ солардың көбі арада жарты жыл өткенде оны сатып кетті. 

Оның айтуынша, түрмеде отырған кезінде қолдау көрсеткен санаулы адамдарға да Бишімбаев кейін опасыздық жасаған.

- Бұл оның таңдауы болды. Қазір оның жанында ешкім жоқ — отбасы да, достары да. Тіпті кей туыстары мүлкін алып кеткен, – деп түйіндеді ол.

АЛИМЕНТ

Еске салайық, бұған дейін Қуандық Бишімбаев балаларына алимент төлемей жүргені хабарланған еді. 

НАЗЫМНЫҢ СҰХБАТЫ

Еске салайық, Назым Қахарман Ұлысмедиа порталының YouTube-арнасына арнайы сұхбат берген болатын. 

Серіктес жаңалықтары