×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Құлыбаевтар Halyk Bank акцияларын сатпақшы

27.01.2023, 07:57
фото: дереккөзден

Тимур мен Динара Құлыбаевтарға тиесілі "АЛМЭКС" холдингі Halyk Bank акцияларын сатуға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Inbusiness.kz мәліметінше, сатылымның негізгі мақсаты – акциялардың өтімділігін арттыру және акционерлер пулын кеңейту.  Холдинг өкілдерінің айтуынша, бұл ретте "АЛМЭКС" бақылау пакетін, яғни акциялардың кемінде 51%-ын сақтап қалады.

"Бұл халықаралық қор биржаларында сауда жасайтын эмитенттердің қағаздары үшін тұрақты қалыптасқан халықаралық және қазақстандық тәжірибе. Біз акциялардың өтімділігін арттыруға және Halyk Bank капиталын ұлғайтуға мүдделіміз", - деп толықтырды холдингтегілер.

Дәл қазір "АЛМЭКС" Halyk Bank-тің 56,39%-ына ие.

Холдинг иелері – ерлі-зайыпты Тимур Құлыбаев пен Динара Құлыбеава.

Құлыбаев "Қазақстанның ең ықпалды 50 кәсіпкері – 2022" рейтингінде бірінші орынға ие. Сондай-ақ, Құлыбаевтар "Қазақстанның ең бай 50 кәсіпкері – 2022" тізімінде екінші орын алады.

"АЛМЭКС" арқылы олар сондай-ақ Altyn Bank-тің 40% үлесіне иелік етеді. Холдинг Қазақстанда, Ресейде, Қырғызстанда, Өзбекстанда, Тәжікстанда және Грузияда жұмыс істейді.

Серіктес жаңалықтары