Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов жалақысы мен жылдық табысы қанша екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ақкенженов декларацияда табыс ретінде жалақысын ғана көрсеткен.
- Тек жалақы жайлы айтар болсақ, мен айына 1,2 миллион теңге аламын. Арасында сыйақылар бар. Соларды есептегенде жылдық табысым 20 миллионнан сәл асады, – дейді министр.
САРАПТАМА
Қазақстанда қаңтар айында жоғары лауазымды шенеуніктер мен квазимемлекеттік сектордың топ-менеджерлерінің табысы туралы декларациялар қоғамда қызу талқыға түсті. Алайда жұртшылықтың назары бұл жолы мемлекеттік қызметшілердің өздеріне емес, олардың жұбайларына көбірек ауды.