×
501.02
597.27
6.59
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
501.02
597.27
6.59

Теңіз кен орнындағы өрттен кейін мұнай өндіру қайта жанданды

Бүгін, 13:50
Теңіз кен орнындағы өрттен кейін мұнай өндіру қайта жанданды
gov.kz

ҚР Энергетика министрлігі Теңіз кен орнында өндірістік операциялардың қайта басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz 

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жедел штабтың мәліметіне сәйкес, бүгін сағат 03:35-те алғашқы ұңғыма сәтті іске қосылды. Технологиялық қондырғылар іске қосылып, штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

Қазіргі уақытта 5 ұңғыма пайдалануға берілді. "Теңізшевройл" компаниясының техникалық қызметтері келесі топтық өлшеу қондырғысын іске қосуға дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мұнай өндіру көлемін арттыру жүйе параметрлері тұрақтандырылып, өндірістік процестердің толық қауіпсіздігі қамтамасыз етілуіне қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

Бұған дейін, 26 қаңтарда, Екінші буын зауыты сәтті іске қосылған болатын. Оның жұмысы қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған Королев кен орнынан жеткізілетін шикізатпен қамтамасыз етіліп жатыр.

ҚР Энергетика министрлігі мен "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ жобаның жоспарлы қуаттылыққа қысқа мерзімде шығуын қамтамасыз ету мақсатында операторға жан-жақты қолдау көрсетіп жатыр.

– Қалпына келтіру жұмыстарын үйлестіру үшін өндірістік нысандарда тікелей Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев жұмыс жүргізіп жатыр. Жағдай тұрақты бақылауда, басты басымдық – өнеркәсіптік қауіпсіздіктің қатаң талаптарын сақтау, – делінген хабарламада.

 

Серіктес жаңалықтары