×
498.65
589.06
6.49
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.65
589.06
6.49

"Жақсы ойластырылған әрі шынайы көрінеді": Президент Газа секторы бойынша бейбітшілік жоспары туралы айтты

Бүгін, 14:50
"Жақсы ойластырылған әрі шынайы көрінеді":  Президент Газа секторы бойынша бейбітшілік жоспары туралы айтты
Анадолу

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанның The News International газетіне берген сұхбатында Газа секторы бойынша бейбітшілік жоспарына оң баға берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

ТОЛЫҒЫРАҚ

Президент арнайы өкілдер Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер ұсынған жоспар жақсы ойластырылғанын, оны орындауға әбден болады деп сенетінін мәдімдеді. 

- Арнайы өкілдер Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер ұсынған жоспар жақсы ойластырылған. Меніңше, бұл аса өршіл бастама болғанымен, оны орындауға әбден болады. Жоспардың кейбір аспектілері бейбітшілік пен өсіп-өркендеуге берік негіз қалайтын даму жобасына ұқсайды. Алайда, қос халыққа арналған екі мемлекет құруға саяси ерік-жігер болмаса, қандай да бір жоспардың түбегейлі іске аса қоюы неғайбыл. Толассыз қантөгісті тоқтатып, қалыпты өмірге оралуға тек осындай шешім ғана түрткі бола алады, – деді Тоқаев.

БҰҒАН ДЕЙІН 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанның The News International газетіне берген сұхбатында Ресей-Украина қақтығысында Қазақстан араағайын рөлін атқаруға ұмтылмайтынын мәлімдеген еді. 

 

Серіктес жаңалықтары