×
494.75
586.77
6.38
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.75
586.77
6.38

"Бұрынғы қателіктерге жол бермеу керек": Тоқаев Үкіметке ескерту жасады

Бүгін, 14:25
"Бұрынғы қателіктерге жол бермеу керек": Тоқаев Үкіметке ескерту жасады
Фото: gov.kz

Үкіметтің су тасқынына дайындық ретінде қазірден нақты іс-қимыл жоспары болуы тиіс. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Президент биыл кейбір аймақта алдымен су тасқыны, содан соң құрғақшылық болатынын айтып, Үкіметке ескерту жасады.

«Құзырлы мекемелер биыл кейбір аймақта алдымен су тасқыны, содан соң құрғақшылық болатынын айтуда. Үкімет қазірдің өзінде нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеп қоюы керек.Тағы да айтарым, табиғи апаттарды болжау үшін цифрлық тәсілдерді пайдаланбасақ, жұмыстың бәрі босқа кетеді. Бізде қажетті технологияның бәрін пайдалануға мүмкіндік бар. Тек соның барлығы қаншалықты жауапты әрі жүйелі түрде қолданылады деген сұрақ туады. Мәселе – сонда. Егіс алқаптары мен инфрақұрылымды қорғауға қажетті шаралар алдын ала қабылдануы қажет. Әр жолы мәселе пайда болған кезде ғана жанталаспай, қиындықтың алдын алған жөн. Бұрынғы қателіктерге жол бермеу керек. Көктем де келіп қалды», – деді Тоқаев. 

Президент Үкіметке әкімдіктермен бірге су тасқынына қарсы шараларды сапалы жүзеге асыруды тапсырды.

Серіктес жаңалықтары