×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Армения билігі әйелдерді әскерге шақырмақ

28.01.2023, 16:22
Ашық дереккөз

Арменияда әйелдерге арналған ерікті әскери қызмет институты пайда болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Армения премьер-министрі Никол Пашинян Армения қарулы күштерінің құрылғанына 31 жыл толуына орай жолдаған құттықтауында мәлімдеді. Ол Арменияда келісімшарт бойынша әскери борышын өтеп жүрген әйелдерге бөлек алғысын білдірді.

“Жақын арада Армения Республикасында әйелдердің ерікті уақытша әскери қызметінің мүлде жаңа институтын енгізуді жоспарлап отырмыз және бүгін мен армиямызда келісімшарт бойынша қызмет ететін әйелдерге, оның ішінде әскери қызметкерлерге ерекше алғыс айтуым керек», - деді Пашинян.

Еске салайық, бір күн бұрын АҚШ әскери-әуе күштері генералы қол астындағыларды 2025 жылы Қытаймен соғысуға дайындалуға шақырған болатын.

Серіктес жаңалықтары