×
494.28
587.06
6.4
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.28
587.06
6.4

Омбыдағы балабақшада бала түбі қазақ болғаны үшін қорлық көрген

Бүгін, 08:20
Омбыдағы балабақшада бала түбі қазақ болғаны үшін қорлық көрген
ЖИ / ulysmedia.kz

Омбы қаласындағы балабақшада бала тәрбиешінің тарапынан кемсітуге ұшырады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Омбыдағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші баланы қазақ тамырына байланысты «қысық көз» деп атаған. Баланың анасының видеоүндеуін Еркін ұлттар лигасы жариялады. Әйел бұл оқиғаны әлеуметтік желілерде бөліскенін, соның нәтижесінде өзге де осындай жағдайларды бастан өткерген көптеген адам пікір қалдырғанын айтты.

— Бұл туралы стористе бөлістім, соған өте көп кері байланыс келді. Бірі: «Мұның несі бар? Сендер шынымен сондайсыңдар ғой, неге ренжисіңдер? Бұл – ұлт ретінде сендердің ерекшеліктерің» деді. Ал енді бірі мұндайға үндемей қалуға болмайтынын айтты. Маған жазғандардың көбі балалық шағында дәл осындай жарақат алғанын бөлісті. Көбіне мұндай реакция, таңғалатыны, балалардан емес, ересектерден шығады. Балаларды «таркөз», «хачапури», «хач», «чурка», «чучмек» деп, неше түрлі атайды, — деді әйел.

Балабақша әкімшілігінің бұл үндеуге қалай жауап бергені нақтыланбаған.

АЙТА КЕТЕЙІК

РФ-дағы соңғы халық санағына сәйкес, Омбы облысында шамамен 69 мың қазақ тұрады. Бұл өңірдегі саны жағынан екінші ірі ұлт.

Серіктес жаңалықтары