×
496
588.01
6.42
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
496
588.01
6.42

Өсімпұл мен айыппұл есептен шығарылады: Қаржы министрлігі шартын атады

Бүгін, 17:10
Өсімпұл мен айыппұл есептен шығарылады: Қаржы министрлігі шартын атады
Фото: freepik.com

Қазақстанда микро және шағын бизнес субъектілеріне негізгі қарызды толық өтеген жағдайда ескі салықтық айыппұлдар мен өсімпұлдардан құтылуға мүмкіндік беріледі. Тиісті қағидаларды Қаржы министрлігі бекітті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Кімге қолданылады

2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық берешегі бар микро және шағын бизнес субъектілері

Қандай шарттарды орындау қажет

Негізгі талап — негізгі қарыз сомасын (салық берешегін) 2026 жылғы 1 қаңтардан 31 наурызға дейінгі кезеңде толық өтеу.

Не есептен шығарылады?

Негізгі қарыз толық өтелген жағдайда:

Толық төленген күнге дейін есептелген барлық өсімпұл есептен шығарылады;
Берешегі өтелген салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша салынған айыппұлдар есептен шығарылады;

Егер 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылмаған болса, 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін ҚҚС бойынша тіркеуге тұрмаған кезеңде жасалған айналымдар үшін салынған айыппұлдар есептен шығарылуы мүмкін.

Рәсім қалай жүргізіледі?

Негізгі қарыз толық көлемде түскеннен кейін мемлекеттік кірістер органдары кәсіпкердің жеке шоттарына тексеру жүргізеді. Өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару туралы шешімді мемлекеттік кірістер органдары жанындағы арнайы комиссиялар қабылдайды.

Ведомствоның атап өтуінше, қабылданған қағидалар кәсіпкерлерге бұрынғы салықтық міндеттемелерін жабуға, қарыз жүктемесін азайтуға және өсімпұл мен айыппұлдардың одан әрі есептелу қаупінсіз жұмысын жалғастыруға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

Серіктес жаңалықтары